Пәтер тонаушылар тобы ұсталды

Алматы облысында полицейлер пәтер тонаушылар тобының мүшелерін қолға түсірді. Олар ұзақ уақыт бойы бөтен біреудің мүлкін ұрлауды кәсіп еткен, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктілер Жамбыл ауданының азаматтары. Қазіргі таңда үш адамның 40 жеке тұрғын үй және пәтер тонау дерегіне қатысының бар екені дәлелденіп отыр. Күдіктілерді жедел топ Ұзынағаш ауылында үш мекенжай бойынша үйлерінен қолға түсірген. Топтың бір мүшесі бұрын сотталған болып шықты. Ұрланған заттар тәркіленіп, айғақ зат ретінде материалға тіркелді. Күдіктілер Жамбыл аудандық полиция бөлімінің уақытша оқшаулу изоляторына қамауға алынды. Тергеу барысында жыл басынан бері бұл азаматтар Ұзынағашта және аудан орталығына жақын Қайназар, Ақсеңгір, Фабричный ауылдарында үй тонауды кәсіп еткені анықталды. «Келтірілген залал 10 млн теңгеге жуық»,- деп толықтырды облыстық полиция депаратементінің баспасөз қызметі.  


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 мамыр 2019 г. 398 0