Мереке күндері ауа райы қандай болады?

 Синоптиктер 9-13 мамыр аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Антициклон және оңтүстік-батыс тропосфералық ағындары 9 мамырда Қазақстан аймағының басым бөлігінде жылы және жауын-шашынсыз ауа райын қамтамасыз етеді. Алдағы үш тәулікте де республика аймағында ауа райында күрт өзгерістер күтілмейді. Батыс облыстарда күндіз ауа температурасы плюс 30...38°С дейін жоғарылап, найзағай мен өткінші жаңбыр күтіледі.

Оңтүстік және орталық аймақтарда да жылы және жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Апта соңында суық атмосфералық фронттар және Карск теңізінде қалыптасқан антициклон әсерінен солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс облыстардың кей жерлерінде өткінші жаңбыр жауады. Сондай-ақ, ауа температурасы біртіндеп төмендейді. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 мамыр 2019 г. 389 0