Аудан әкімі майдангерлерді құттықтады

Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев Ұлы Отан соғысының ардагерлері Тілеуберген Тобабергенов пен Пірназар Мырзатаев ақсақалдардың отбасына барып, майдангерлерді Жеңіс күні мерекесімен құттықтады.

Сұрапыл соғыстағы майдангерлердің көрсеткен ерліктеріне бүгінгі ұрпақ бас иетінін айта отырып, бізге бейбіт өмір сыйлаған қарт жауынгерлерге алғысын білдірді.

Сонымен қатар, жеңісті жақындатқан жандарға сый-сияпат көрсетіп, облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың құттықтау хатын табыстады.

Қосқария да мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан құрмет пен қамқорлықтарына ризашылықтарын білдіріп, елдің амандығы мен тыныштығын тіледі.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 мамыр 2019 г. 558 0