« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінде Отан қорғаушылар, Жеңіс күні мерекелері қарсаңында тағлымды кездесу өтті.
Кездесуге облыстың ішкі істер органдарында, қаржы полициясы органдарында қызмет атқарған ардагер Жаңабай Бекішев келді. Ж.Бекішев қазіргі кезде ардагерлер кеңесі атынан жастарға патриоттық рухта тәрбие беру мақсатында шаралар ұйымдастыруға қатысады. Облыстан Отан соғысына қатысқан майдангерлер тарихын зерттеуге, есімдерін ұлықтауға арналған шараларға демеушілік көрсетіп тұрады.
Қонақтардың екіншісі Халықаралық жазушылар одағының, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Рысбай Кәрімов. Соғыс тақырыбына жазылған бірнеше кітаптардың авторы. Б.Момышұлының 100 жылдығына арналған «Қызыл жұлдыз» құрмет төсбелгісімен, «Батыр шапағаты» медалімен наградталған. Ресейдің Подольск қаласындағы арнайы архивте сақталған құжаттармен жылдар бойы жұмыс жасап, Қызылорда облысы аумағынан майданға шақырылған азаматтардың тарихы мен майдандағы деректерін зерттеген.
Рысбай Кәрімов өз кітаптарының жазылу тарихына шолу жасап, жерлес майдангерлер өмірінен қызықты әңгіме айтты. Әр кітаптың жазылуы мен ондағы мәліметтердің жиналуы үшін көмек көрсеткен тұлғаларға алғысын білдірді. Себебі, кітаптар тарихтан шежіре шертеді. Ал тарихты болашақ ұрпақ білуі тиіс. Екі бірдей кітабын Департамент кітапханасына сыйға тартты.
Құрметті қонақтарды Департамент басшысы Елтай Бекмурзин құттықтады. Экономикалық қылмыстармен күресетін, еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін саланың жеке құрамы атынан ардагер ағалардың үлгілі ісіне, тағлымды әңгімесіне ілтипат білдіріп, Алғыс хат табыстады. Қызметкерлер әсерлі әңгіме иелеріне құрмет білдірді.
Б.Орданова,
Қызылорда облысы бойынша
Экономикалық тергеу департаментінің бас маманы
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |