Головкин жаңа бапкерінің есімін айтты

Орта салмақтағы WBC, WBA Super, IBF және IBO тұжырымдары бойынша бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) жаңа бапкерінің кім екендігі белгілі болды, деп хабарлайды  Sports.kz. 
Ол -Джонатон Бэнкс. Бұл туралы DAZN  өкілі Крис Мэнникс мәлім етті. Еске сала кетсек, соңғы тоғыз жыл бойы Геннадий Абель Санчеспен жұмыс істеді, дегенмен таяуда онымен  қош айтысты. Бұған негізгі себеп -  қаржылық жағдай.
 Бапкердің айтуынша, Головкин оған жалақыны -10, ал гонорарды 2 пайызға қысқартпақ болған.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 мамыр 2019 г. 686 0