« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
2019 жылғы І тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 168 489 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі өткен жылғы тиісті тоқсанына 110,5%, ал нақты жалақы индексі 105,2% құрды. Бұл туралы BAQ.kz ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 401,1 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,4 есеге асты), қаржы және сақтандыру қызметінде - 323,0 мың теңге (1,9 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 296,3 мың теңге (1,8 есеге асты), ақпарат және байланыс саласында – 253,0 мың теңге (1,5 есеге асты), көлік және қоймалау саласында – 218,2 мың теңге (1,3 есеге асты) белгіленді. Ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығының қызметкерлерінде белгіленді – 93,2 мың теңге, бұл республика бойынша орта көрсеткіштен 44,7% %-ға төмен" - делінген хабарламада.
Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді – 322,7 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,9 есеге асады. Түркістан облысында мұның шамасы 109,0 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 35,3%-ға төмен.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |