Жаңақорғанда мал ұрлағандар 7 млн. теңге залал келтірген

Жаңақорғанда мал ұрлағандар 7 млн. теңге залал келтіргенКәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы А.Әбу бұқаралық ақпарат құралдарына сот өндірісінде қаралған бірқатар істер жайлы баяндап берді. Бұл жайында облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
– Үстіміздегі жылы қаралған қылмыстық істер бойынша қоғамдық пікір туғызған істердің бірі – Жаңақорған ауданында орын алған мал ұрлығы қылмысы, – деп бастады өз сөзін сот төрағасы А.Әбу. – Жаңақорған ауданында 8 сотталушы 22 жәбірленушінің мал қораларына, мал жайылымдарына 15 рет ұрлыққа түскен. Соның нәтижесінде ірі, ұсақ малдарын ұрлап, жәбірленушілерге барлығы 7 315 000 теңге мүліктік залал келтірген. Аталған қылмыстық іс алғашында іс бойынша жәбірленушілердің және куәлардың көп болуына орай, көшпелі мәжілісте қаралды. Үстіміздегі жылдың 6 мамырында қылмыстық іс бойынша сот үкімі жарияланды.  Сот үкімі бойынша 8 сотталушының 2-і мүлкі тәркілене отырып, бас бостандығынан айыруға, 2-і бас бостандығын шектеуге сотталды. Ал қалған 4-і жәбірленушілермен татуласып, келтірілген шығынның есесін толтыруына орай қылмыстық істері қысқартылған.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 маусым 2014 г. 852 0