Санжар Мади халықаралық фестивальде "Үздік актер" жүлдесін жеңіп алды

АҚШ-та өткен халықаралық фестивальде белгілі өнер иесі Санжар Мади "Үздік актер" жүлдесін жеңіп алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сүйінші хабарды Санжар Мади өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. "Достар! Кеше біздің "Әміре" (Paris song) кино картинамыз АҚШ-тың Вирджиния штатында өткен халықаралық фестивальде (Richmond International Film Festival) бірден екі аталым бойынша жеңімпаз атанды. Ол "Үздік баяндаушы фильм" және "Үздік актер" аталымдарында жеңіске жетті", - деді ол.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 мамыр 2019 г. 422 0