« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
«Сіздің мүлдем уақытыңыз жоқ, қолыңыз үнемі бос емес пе? Сізде атқару керек іс-әрекеттер мен жұмыстар тізімі көп пе? Бұл арқылы көпшілігі өзін маңызды сезінгісі келеді. Дегенмен, қолыңның бос болмауы біз ойлағандай жоғары стутустың көрсеткіші емес. Ал үнемі қозғалыста болу түрлі ауруларға шалдықтырып, денсаулыққа кері әсер етеді. Бұл жағдайдан шығу үшін дұрыс тамақтанып, спортпен айналысу керектігі түсінікті. Дегенмен, ештеңе істемеу, голландтар айтпақшы, никсеннің де пайдасы бар», - деп жазады Қазақпарат The New York Times басылымына сілтеме жасап. Автор «ештеңе істемеу» деген сөзге нақты анықтама берудің қиын екенін жазады.
«Іш пысу сезімін зерттейтін психолог Дорин Доджен-Мэги «Цифрлық әлемдегі өмір мен технология тепе-теңдігі» атты кітапта никсенді тоқтап тұрған, бірақ қозғалғышы жұмыс істеп тұрған көлікпен салыстырады. Ал Ұлыбританиядағы Ланкашир орталық унивеситетінің психологы Сэнди Манн никсен адамның істеуі керек әрекеттерді істемеуі деп түсіндіреді», - делінген мақалада.
Атап өтілгендей, мысалы, никсен идеясы уақытың мен энергияңды саналы түрде терезеге бос қарап отыру немесе қозғалыссыз бір орында отырып өткізуге саяды.
«Адамдар мұндай әрекеттерді уақытты босқа өткізу немесе жалқаулық деп атайды. Мәдениет мұндай әрекетті құптамайды. Дегенмен, бұл әрекеттің психологиялық денсаулыққа, өмір сапасына, жұмыс өнімділігі мен өмірдің басқа салаларына пайдасы көп. Технология жағдайды оңайлатпайды. Үнемі қолымыз тимей, бос уақытымыздың болмауы миды өзгертеді.Сол үшін ештеңе істемеудің пайдасы зор», - деп жазады автор.
Зерттеушілердің айтуынша, еш нәрсемен айналыспаған кезде адамдар көп армандайды. Бұл креативті ойлауға, проблемалардың шешімін табуға септігін тигізеді.
«Ештеңе істемей бос отыру жұмыс өнімділігін арттыра алады. Сол үшін адамдар әдейі ештеңе істемей бос отыратын уақыт табулары керек. Үнемі жұмысбасты болу мәдениетіне қарсы тұратын кез келді. Никсен жалқаулық белгісі емес, бұл өмірдің маңызды дағдысы», - деп жазады The New York Times.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |