
Қармақшы ауданында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының қоздырғыштары болып табылатын кенелерден қолайсыз аймақ болып 15 елді мекен (Жосалы кенті, Иіркөл, Смайылтамы, Тұрмағанбет, Шобанқазған, Төребай би, Таңшапағы, Ақжар, Қуаңдария, Көмекбаев, Кекірелі, Қорқыт, Кемесалған,Диірментөбе, Ақай) анықталған. Осыған байланысты көктемгі залалсыздандыру жұмыстары 30 сәуірден бастап жүргізілуде.
Қармақшы ауданы бойынша анықталған 15 елді мекендегі 53 361мал басына (ірі қара 18 563, бас уақ мал 32 728, түйе2 070) және көлемі 76 611 шаршы метрді құрайтын 3 797 қора мен аумағы 15 754 шаршы метр 136 суат пен шаңлаққа КРЕОЛИН Х ерітіндісі қолданылады.
Жалпы қазіргі таңда залалсыздандыру жұмыстары Шиелі ауданында аяқталса, Жаңақорған, Сырдария, Жалағаш аудандары мен Қызылорда қаласында жүргізілуде.