Ауқымды мәселелер талқыланды

Кеше Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен аудандық дағдарысқа қарсы штаб отырысы болып өтті. Штаб отырысының күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.
Аудан көлемінде сарып ауруының өрістеп кетуіне байланысты алдын алу шаралары туралы аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Сапарбек Қуатов хабарлама жасады.
Аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Сақып Ақбаева Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының алдын алу туралы баяндады.
Сонымен қатар, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ө.Өтеп-Әлі «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы аясында көрсетілген әлеуметтік көмектің қаржылық қайтарылу жағдайына тоқталып, хабарлама жасады.
Штаб отырысының қорытындысында аудан әкімі М.Ергешбаев дербес бөлім басшылары мен ауылдық округі әкімдеріне бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 мамыр 2019 г. 538 0