Каратэшілер жүлде теріп қайтты

Каратэшілер жүлде теріп қайттыҮстіміздегі жылдың 14-15 маусым аралығында Алматы қаласында каратэ-додан жастар арасында ҚР чемпионаты өтті. Екі күнге созылған сайыста 250 спортшы кумитэ және ката бағдарламалары бойынша сынға түсті. 
Каратэ-додан Азия, Әлем чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 48 келіге дейінгі салмақта Мөлдір Жаңбырбай (ЖСШМ), 14-15 жас аралығында Марта Ким (+45 келі, №2ОМБЖОРМ) Қазақстан чемпиондары атанды. Ал  53 келіге дейінгі салмақта Диана Досқали (16-17 жас, ЖСШМ), 57 келіге дейінгі салмақта Әділет Төлеу (14-15 жас, №2ОМБЖОРМ) күміс жүлдені иеленді. Ката бағдарламасы бойынша 16-20 жас аралығында И Леонид (ЖСШМ), Әділет Төлеу (14-15 жас, №2ОМБЖОРМ), 53 келіден жоғары салмақта Нұрсұлу Жетербай (16-17 жас, ЖСШМ) үшінші орынға ие болды. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 маусым 2014 г. 737 0