Қызылордалық полицейлер балаларға арналған тренинг өткізді

Бүгін Қызылорда облыстық девиантты мінез-құлықты балаларға арналған интернатының тәрбиеленушілері арасында «Болашаққа бағдар» атты тренинг өткізілді.
Тренинг Қызылорда облыстық Полиция департаментінің психологтары мен ювеналды полиция инспекторларының ұйымдастыруымен өткізілді.
Тренинг 7 кезеңнен тұрды. Шара барысында шеңбер бойлап отырған қатысушылар топқа бөлінеді, алдарына плакат, түрлі-түсті бояулар, қаламдар, шарлар берілді. Арнайы тапсырмалар беріліп, ойын түрінде жалғасын тапты.  
Іс-шараға Қызылорда облыстық девиантты мінез-құлықты балаларға арналған интернатының 14 тәрбиленушілері қатысты.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 сәуір 2019 г. 829 0