Қызылорда командасы дзюдодан жеңімпаз атанды

Жақында Павлодар  қаласында  дзюдодан 1999-2000 жылдары өмірге келген жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында өткен Қазақстан чемпионатында Қызылорда облысының құрама командасы 10 жүлдемен жалпыкомандалық есепте  бірінші орынды (4 алтын, 6 қола медаль)  жеңіп алды.
Екінші орынға Алматы қаласының (3 алтын) спортшылары жайғасса, Астана қаласының (3 алтын) құрамасы үшінші орынға тұрақтады. Жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен 300-дей спортшы 17 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Жекелей есепте 36 келіде Бибіхан Нәбиева (№1ОМБЖОРМ), 48 келіде Арайлым Ханзада (спорт интернат), 57 келіде Аружан Байзақ (№1ОМБЖОРМ), 63 келіде Әсел Жарылқасын (спорт интернат) жеңімпаз атанып, спорт шеберлігіне үміткер нормативін орындады.
 38 келіде Жандос Жұмамұрат (спорт интернат), №1 облыстық олимпиадалық резерв мектебінен Мәлика Алпысбай (44 келі) мен Рауан Бекалы (55 келі), қармақшылық Ақерке Жұмадилова (48 келі), 63 келіде Арайлым Оразбай (спорт интернат) және 73 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен түгіскендік спортшы Нұрберген Алдаберген қола жүлдені иеленді.   
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 маусым 2014 г. 778 0