« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |
Облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша «Туған жер» қоғамдық қозғалысы» қауымдастығымен жүзеге асырылатын «Үштілділікті насихаттау» әлеуметтік жобасы аясында ақпараттық-насихаттық топ құрылып, іс-шаралар жоспары бекітілді. Ақпараттық-насихаттық топ жұмысын ұйымдастырушысы «Туған жер» қоғамдық қозғалысы» қауымдастығы төрайымы – Қ.Ерімбетова.
Іс-шаралар жоспарына сәйкес Қызылорда қаласы мен барлық аудандарда тіл мамандары мен білім саласының қызметкерлерінен құрылған ақпараттық-насихаттық топ үштілділік бойынша түсіндіру, насихаттау жұмыстарын жүргізу мақсатында «Тілдерді меңгеру – заман талабы» тақырыбында көшпелі семинар-тренинг ұйымдастырды.
Шара барысында Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының директоры Н.Мұсаева, №2 «Мұрагер» мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Тебегенова, С. Сейфуллин атындағы №4 орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж.Шалғымбаева, Н.Ахмадиева атындағы №112 орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ш.Адамбаева тіл мәселесі, үштілділік жайында баяндама жасады, үш тілді оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін үйретіп, тәжірибелерімен бөлісті.
Шара соңында қатысушылар, мектеп ұстаздары үштілділікті оқыту бойынша сұрақтарын қойып, оларға жан-жақты жауаптар алады.
« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |