Жалағашта түнгі рейд жүргізілді

Жалағаш ауданында тәртіп сақшылары жастар ұйымдарының өкілдерімен бірлесіп түнгі рейд жүргізді. 
Шараны аудандық ішкі саясат бөлімі және «Қызылорда облысының жастар одақтары» қоғамдық бірлестігі аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қолдауымен ұйымдастырды. Рейдке аудандық ішкі істер қызметкері Ерлан Жүргенбаев , «Жастар ресурстық орталығы» КММ бөлім басшысы Н.Серәлі, "Қызылорда облысының жастар одақтары" ҚБ төрағасы С.Әбіл қатысты.
Рейд барысында арнайы топ мүшелері аудан орталығындағы көпшілік орындарда, түнгі клубтар, мейрамхана, кафелерді аралап, жадынамалар таратты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 сәуір 2019 г. 427 0