
«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының оқушылары Қызылорда қаласының тұрғыны, тыл ардагері, қария З.Қазыбайқызының үйінде болып, көктемгі дала жұмыстары мен ауладағы тазалық жұмыстарына көмек көрсетті.
Оқушылар командалық топтарға бөлініп, «Жалын» командалық топ тобы қарияның бақшадағы көктемгі жұмыстарына көмек көрсетсе, екінші «Жігер» тобы ардагердің үй ауласындағы тазалық жұмыстарын атқарды.
Ауладағы көктемгі тазалық жұмыстарын жасап, көктемгі жұмыстарға көмек қолын созғаны үшін тыл ардагері З.Қазыбайқызы оқушыларға үлкен ризашылығын білдіріп, өзінің ақ батасын берді. Оқушылар әженің еңбек жолына құлақ түріп, ғибратты қызықты сұхбат ұйымдастырылды.
Қария өз естеліктерімен бөлісіп, оқушыларды адал еңбек етуге, өмірде адал әрі шыншыл болуға шақырды.
Сондай-ақ, «Адал ұрпақ» оқушылары тыл ардагері Р.Үрімбаеваның, ардагер ұстаз Ұ.Үсенованың, еңбек ардагерлері Сақтапбергеновтердің отбасында, көп балалы Бақаевтар мен Қонысовтардың отбасына, жалғызбасты ана Г.Кимнің және өзге де сала ардагерлерінің отбасыларында болып, оларға үй ауласындағы тазалық жұмыстарына көмек көрсетті.
Осындай игі іс-шаралар облыстағы барлық «Адал ұрпақ» клубтарының оқушыларымен жүргізілуде. Іс-шаралар оқушылар бойында үлкенді құрметтеуге, қарттарды сыйлауға тәрбиелеу, оқушылар бойында адал еңбек, әділдік және шыншылдықты қалыптастырады.
«Адал ұрпақ» клубтарының мүшелері қарияларға, ардагерлер мен жалғызбасты аналарға ауласындағы тазалық жұмыстарына және үй шаруашысына тұрақты түрде көмектесіп отыруға келісті.
Бүгінде облыста «Адал ұрпақ» клубтарының қатарында 17 мыңнан астам оқушылар бар. Олар осы клубтардың қызметі аясында адалдық пен әділеттілікті ту етіп, отансүйгіштік рухында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиеленуде.