
Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі және «Қызылорда облысының жастар Одақтары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қолдауымен «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышым» тақырыбында ерікті жастар арасында интеллектуалды ойын өткізілді. Ойын ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында, мемлекеттік рәміздердің 27 жылдығына орай аудандық тарихи өлкетану мұражайында өтті.
Жалпы жастарға қазақ тарихы, мемлекеттік рәміздер және түрлі салалар бойынша сұрақтар қойылды. Тартысты өткізілген ойынға ең мықты 4 команда бақ сынады. Интеллектуалды ойында әділ қазы мүшелігінде

«Қызылорда облысының жастар Одақтары» қоғамдық бірлестігінің төрғасы Серік Әбіл, аудандық тарихи өлкетану мұражайының қызметкері Қанат Жапақов және аудандық Жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Нарбота Серәлі төрешілік жасап, ойын соңында ұпай сандары бойынша жүлделі 1 орынды иеленген «Мәңгілік» командасы, жүлделі 2 орынды «Қызғалдақ» командасы иеленсе 3 орынды «Жүргенов жастары» командасы иеленді. Сонымен қатар «201 city» командасы белсене қатысушы ретінде марапатталды. Барлық жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталды.