Қызылордалық С. есімді азаматша пәтерінде азаматша А-ны ұрып соққан. Бұл жәбірленушінің денсаулығының қысқа уақытқа бұзылуына алып келген.
Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, аталмыш оқиға салдарынан жәбірленушінің еңбек қабілетін тұрақты түрде болмашы жоғалтуға әкеп соққан. Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасы құқық бұзушы С-ның үстінен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, сотқа негізінен қарап, шешім қабылдау үшін жолдаған. Сот шешімімен ол кінәлі деп танылып, оған елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 92600 теңгеге айыппұл салынды.