Білікті дәрігерлер Қазалыға келді

Білікті дәрігерлер Қазалыға келді Қазалы ауданына еліміздегі денсаулық сақтау саласының білікті мамандары келіп, бірнеше күннен бері қызмет жасауда. Олар Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес «Арал өңірі халқының денсаулық жағдайын басқарудың кешенді әдістері» ғылыми-техникалық бағдарламасын орындау мақсатында жұмыс істейді.
Олардың құрамында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы» РМҚК директорының ғылым жөніндегі орынбасары, жоғары категориялы терапевт Ләззат Ыбыраева мен Қарағанды мемлекеттік университетінің профессоры Берікбай Құлтанов бастаған медицина ғылымдарының доктарлары мен кандидаттары, жоғары және бірінші санатты тәжірибелі мамандар бар. Дәрігерлер Әйтеке би кентіндегі №266 мектеп-лицейде орналасқан қабылдау барысында терапевт, дерматолог, хирург, невропатолог, көз, лор, тіс дәрігерлері, психолог, эндокринолог, гинеколог, иммунолог мамандар кеңесі, электрокардиография, спирография, УДЗ арқылы клиника-функционалдық зерттеу әдістері, қандағы ауыр металдарды анықтау мен генетикалық, физиологиялық және қанның жалпы және биохимиялық талдауларына клиника-зертханалық зерттеулер жүргізді. Сондай-ақ, ақыл-ойға, зейінге, күйзеліске, эмоционалды күйзеліске, агрессияға арналған тесттер мен әлеуметтік сауалнамалар алынуда. Дәрігерлер 13-ші маусымға дейін 18 бен 69 жас аралығындағы 450 адам қаралып, медициналық тексеруден өтті. Қабылдау 20-шы маусымға дейін созылады.
Аудан әкімдігі баспасөз қызметі «Экологиялық апат аймағында тұратын халықтың денсаулығы мен әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын анықтау үшін келген мамандар кент тұрғындарына тегін медициналық тексеру жүргізуде.  Алайда халық арасында түсініспеушілік туған секілді. Қосымша экологиялық жәрдемақыны алып тастайды деген. Бұған қазалылықтардың еш алаңдаудың қажеті жоқ. 17-ші маусымнан бастап Алматы қаласындағы педиатрия және бала хирургиясы ғылыми орталығының жоғары санатты дәрігерлері 5 жастан 18 жасқа дейінгі балалардың денсаулығын заманауи технологиялар мен құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, сараптайтын болады» деп хабарлайды. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 маусым 2014 г. 831 0