
"Қазгидромет" РМК өкілдерінің мәліметінше, сәуірдің соңғы демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде күн жаңбырлы болады деп хабарлайды
KAZ.NUR.KZ.
Синоптиктердің болжамынша, 27 сәуір мен 29 сәуір аралағында Баренцева және Карск теңіздерінен жылжыйтын суық атмосфералық фронттар араласып, көптеген аймақтарда жаңбыр, солтүстік, орталық және шығыс облыстарында жылбысқы қар және ауа температурасының төмендеуі күтіледі.
Тек жексенбі 28 сәуірде оңтүстік және оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз, бірақ салқын ауа райы күтіледі.
Көпжылдық мәліметтерге сүйенген синоптиктердің болжамынша, сәуір және мамыр айларында Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысын аймақтарында жауын-шашын көп болады.
Осы жылдың сәуір айы да соған дәлел екен. Өйткені, сәуірдегі 25 күннің 19 күні жауын-шашынды болып, айлық нормадан көп жауған.