« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Берікбол Байхожаевтың, «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Жандос Тұсмағамбетовтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама талқыланды.
Берікбол Ұзақұлы өз кезегінде өткен жылдың қорытындысы бойынша Transparency International (TI) ұйымы өткізген сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексін (СЖҚИ) зерттеу нәтижелері әлемнің көптеген елдерінде алаңдаушылық тудырғанын айтты. Соңғы жеті жылда тек 20 мемлекет ғана өз көрсеткішін айтарлықтай жақсартқан. Ал, еліміз СЖҚИ бойынша 31 балл жинап, 180 елдің ішінде 124 орынға тұрақтаған.
– Қазақстан Орталық Азия өңірінде үздік нәтиже көрсетті. Осы ретте Transparency International ұйымы рейтингте Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда оң динамика көрсеткенін алға тартады. Дүниежүзілік Банктің Doing Business рейтингінде де біз соңғы 11 жылда өз позициямызды 36 орынға көтеріп, 190 елдің арасында 28 орынға орналастық, – деді Б.Байхожаев.
Басқосуда аймақтағы ЖОО, бірқатар техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жүргізілген жасырын сауалнама қорытындысы да таныстырылды. «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Жандос Тұсмағамбетов аталған шара студенттер арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылғанын баяндады. Спикердің айтуынша, сауалнама облыс орталығындағы барлық ЖОО мен 8 колледжде жүргізілген. Нәтижесінде студенттердің 15 проценті емтихандық процедураларды өткізу кезінде заңсыз сыйақы алу фактілері орын алғандығын көрсетіп отыр.
М.СНАДИНҚЫЗЫ.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |