Digital talks

  «Digital talks» талқылау алаңы – «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жастарға түсіндіретін бірден-бір орта.  Жаңа форматтағы шара облыстық «Жас Отан» ЖҚ ұйымдастыруымен  «Bilim ortalygynda»  өтіп, оған «Grand Master» бағдарламалау мектебінің директоры Қуанышбаев Алмат қатысты. 

Еркін форматтағы кездесу барысында Алмат Жомартұлы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын түсіндіре отырып, 10 жылдан кейін елімізде  қандай өзгерістер болатынына тоқталып өтті.

- Еліміз цифрлы технологиялар арқылы әртүрлі салада үздік көрсеткіштерге қол жеткізбек. Уақыт өткен сайын адамдардың мүмкіндіктері артып, болашақта жаңа мамандықтар пайда болады.  Жаңа өнім, жаңа қызмет сапасы, жаңа құрылғылар – цифрлы технология жүйесінің жарқын үлгісі. Бұл, сөзсіз ХХІ ғасырдың жетістігі, - деді Алмат Жомартұлы.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 сәуір 2019 г. 496 0