« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Отандық дизайнерлерге арналған республикалық «Altyn oimaq» байқауына құжат қабылдау 15 мамырға дейін жүргізіледі. Байқауды жеңіл өнеркәсіпті қолдау мақсатында «Атамекен» ҚР ҰКП ұйымдастырып отыр, - деп хабарлады syrboyi.kz палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Байқауды Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау қоры ұйымдастырып отыр. «Altyn oimaq» байқауының мақсаты киім-кешек және әшекейлердің ұлттық брендтерін қалыптастыру мен насихаттау, жаңа есімдер мен брендтерді ашу және қолдау, сонымен қатар қазақстандық жеңіл өнеркәсіпті дамыту мен сұранысын ынталандыру.
«Altyn oimaq» байқауына Қазақстанның кез-келген азаматы қатыса алады.
Қатысушыларға арналған аталымдар:
1. «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген іскерлік киімнің үздік дизайны»;
2. «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген спорт киімнің үздік дизайны»;
3. «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген балалар киімінің үздік дизайны»;
4. «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген үйге арналған текстильдің үздік дизайны»;
5. «Ұлттық әшекейлердің үздік дизайны» және «спорт аяқ киімінің үздік кастом-дизайны».
Байқауға қатысу үшін www.fundwomen.kz сайтына кіріп, өтініш қалдыру жеткілікті.
«ALTYN OIMAQ» байқауының Бас жүлдесіне алғашқы үміткерлер 2019 жылы тамыз айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Жеңіл өнеркәсіп форумында жарияланады.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |