Кітап фестивалі өтті

Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай Қазалыда «Kitap Fest – 2019» кітап фестивалі ұйымдастырылды. Қоғамның интеллектуалды әлеуетін арттыру, мәдени құндылықтады дамыту, жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатындағы фестивальде аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов қала тұрғындарын кітап оқуға шақырды.

Фестиваль аясында танымдық шаралар өткізіліп, №1 Қазалы қалалық кітапханасының "Алтын қоры" таныстырылды. Сонымен қатар, кітап қорынан жасалған кітап инсталляциясы, «Ғаламтор және кітап-ғұмыр» атты қойылым, «Даналық ағашы» сұрақ-жауап танымдық ойыны, «Кітаптан берілген шабыт» атты сурет салу байқауы сынды қызықты шаралар ұйымдастырылды. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 сәуір 2019 г. 552 0