23 сәуір - Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Шығыс Қазақстан облысы, Семей қалалық кітапханасымен бірлесіп «Ұлы дала жаңғырығы» атты онлайн-айтыс ұйымдастырды. Ерекше форматтағы айтысқа Сыр өңіріндегі жас ақындар Ержеңіс Әбді, Бексұлтан Орынбасаров, Еркебұлан Қайран, Динар Рахман және Шығыс өңірінен Әлішер Қыдырбек, Айбек Жеңісқазин, Қайдолла Бейісов, Іңкәрбек Әділхан қатысып, өзара бақ сынады. Жас ақындар еліміздің жетістігін өткір тілмен айшықты жеткізіп, ел-жер тағдырына байланысты өз пікірлерін білдіріп, көпшіліктің ықыласына бөленді.