Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 2019 жылдың 25-27 сәуір аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
 "Қазақстанның солтүстік облыстарында әлі де суық арктикалық фронттар әсерінен жаңбыр сақталады, түңгі уақыттарда жылбысқы қарға ауысуы мүмкін", - делінген хабарламада.  Мамандардың айтуынша, оңтүстік циклонмен байланысты атмосфералық фронттармен оңтүстік, оңтүстік-шығыс, орталық және шығыс аймақтарында жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі. Ауа температурасы орташа көпжылдық мәнге жуық және одан төмен болады.  
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 сәуір 2019 г. 387 0