1500-ге жуық ағаш егілді

Қаланың бірқатар тұрғындары сенбі күнін сергек бастады. «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу» акциясына атсалысқан мекеме қызметкерлері «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешіт маңайын тазарту, ағаш егу жұмысына біркісідей жұмыла кірісті.

Әлемде осыдан 100 жыл бұрын, 1919 жылы басталған алғашқы сенбіліктен бері бұл шара тұрғындарды ерікті түрде біріктіріп, аймақ тазалығын сақтауға үлкен үлес қосып келеді. Ал облыста наурыз айын­да басталған сенбілік  шарасы мамырдың алғашқы аптасына дейін жалғаспақ.

Өткен сенбіде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті облыстық аумақтық инспекциясының 25 қызметкері мешіт маңайына 50 түп жиде, шие, өрік ағаштарын ексе, Қызылорда орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау КММ-нен келген 60-қа жуық қызметкер 100 түп Сыр талын отырғызып, айналаны тазартты. Бұл күні мешіт маңайын тазарту жұмысына ШЖҚ “Табиғат” МКК, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, “Қазсушар” РМК Қызылорда филиалы, «Арал-Сырдария» бассейндік инспекциясы, облыстық ветеринария басқармасының қыз­меткерлері де атсалысып, 1500-ге жуық көшет отырғызды.


Айдана ЖҰМАДИНОВА.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 сәуір 2019 г. 306 0