2019 жылғы 24 сәуірде сағат 10.00-17.00 аралығында Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен «Қызылорда облысында жаппай кәсіпкерлікті дамыту туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді.
Онлайн режимде өтетін конференция барысында облыс әкіміне тақырып аясында қоятын сауалдарыңыз бен ұсыныстарыңызды https://dialog.egov.kz/ сілтемесі арқылы жолдауға болатындығын хабарлаймыз.
Сонымен қатар, сауалдарыңыз бен ұсыныстарыңызды жолдау үшін электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет екендігін ескертеміз.