Ақын мұрасын насихаттауға атсалысып жүр

  Облыстық ішкі саясат басқармасының «Аймақта мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру» мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында Абай атындағы көркем сөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы өтті.
Байқауға қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ЗК-169/1 мекемесінен кадр жұмыс тобының кәсіби даярлық жөніндегі инспекторы әділет лейтенанты Н.Көшеров қатысты. Ауыртпалығымен қатар үлкен  жауапкершілікті талап ететін қызмет саласында  абыройлы  қызмет атқара жүріп, қазақ ақын жазушыларының шығармашылығына деген  сүйіспеншілігі оны әдебиет өнерінен алыстатқан емес.
Байқаудың ережесі бойынша, Ілияс Жансүгіровтың поэзиясынан  «Қазақ қазынасы» және Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» прозалық шығармаларынан үзіндіні мүдірмей жатқа оқып  шықты. Түрлі қызмет саласынан  20-дан астам қатысушы бақ сынаған  байқау талаптары  бойынша  қатысушылар көркем әдебиетті жатқа оқу шеберлігін және дауыс мәнері мен тіл тазалығын, көркем мәтінді таңдау талғамы мен сахналық киім мәдениетін  сақтай білуі қажет.
Ақын мұрасын насихаттауда  көрермен жүрегінен  орын ала білген әділет лейтенанты Н.Көшеров облыстық  ішкі саясат  басқармасының алғыс хаты мен ынталандыру сыйлығына ие болды.

ҚАЖ департаменті
ЗК-169/1 мекемесінің мемлекеттік
тілде аудармашысы А.Битаева
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 сәуір 2019 г. 415 0