
Қызылорда қаласы Полиция басқармасының Жергілікті полиция бөлімінің ювеналды полиция бөлімшесі қылмыстың алдын-алу және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында тұрақты түрде кешенді шаралар жүргізіп келеді.
Полициямен жүргізілген профилактикалық шаралар нәтижесінде қала бойынша қылмыс деңгейі 2019 жылдың бірінші тоқсанында айтарлықтай төмендеді (2018 жылмен салыстырғанда 16,6%).
Қалалық мектептерге бекітілген инспекторлар кәмелетке толмаған оқушылармен және олардың ата-аналарымен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Айта кету керек, ювеналдық полицейлер тұрақты түрде Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен бірге мектептер аумағында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Тәртіп сақшыларымен жүргізіліп жатқан бұл шаралар нәтижесінде облыс аумағында балалар арасындағы жарақаттану фактілері төмендеді.
Жасөспірімдер арасында жиі орын алатын қылмыстың алдын алу, кәмелетке толмаған жеткіншектердің өмірлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мақсат тұтқан ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері погон таққан тәртіп сақшылары ғана емес, балаларға қамқоршы, психолог және тәрбиеші.

Демек, бала тәрбиесіндегі басты тұлға ата-ана мен мектеп инспекторларының арасындағы қарым-қатынас өзара түсіністік пен қолдауға негізделуі қажет.
Қызылорда қаласы Полиция басқармасының баспасөз қызметі