
Еліміз тәуелсіздік алған жылдар ішінде Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының арқасында еліміздің экономикасы мен әлеуметтік жағдайы қарқынды дамыды. Қай салада болмасын оң өзгерістер басым болып, зор табыстарға жеткен бірегей мемлекет болып қалыптасты.
19 наурызда Елбасы өз өкілеттілігін тоқтатып, ел басқару тізгінін Қасым-Жомарт Тоқаевқа берген болатын. Алайда, Мемлекет басшысы Конститутциялық Заңға сәйкес маусым айында кезектен тыс Президент сайлауы өтетіні туралы үндеу жолдады. Оны мұқият тыңдадым. Бұл – тәуелсіз еліміздің келешегі үшін қабылданған шешім деп білемін. Себебі, Президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу – экономиканың өсуін, өткізіліп жатқан саясаттың сабақтастығын нығайтуды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, елімізде осы уақытқа дейін Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен түрлі ауқымды жобалар мен бағдарламалар қабылданғаны белгілі. Осы ретте қоғамдық қорлар ел дамуындағы аса маңызды саяси оқиғадан қалыс қалмай, белсенді атсалысуға дайынбыз. “Жұмыла көтерген жүк жеңіл” дейді. Барша қазақ жұртын жауапкершілігі мол науқанды абыроймен өткізуге шақырамын.
Амангелді СУХАНБЕРЛИЕВ,
“Нұр-Жан” қоғамдық қорының
президенті.