Әлеуметтік және экономикалық тұрақтылық кепілі

Кезектен тыс президенттік сайлау – әлеуметтік және экономикалық тұрақтылықтың кепілі. Оны өткізу – уақыт талабынан туған саяси, әлеуметтік, тарихи маңызы бар шешім.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі 28 жылда Тұңғыш Президенттің бастамасымен қоғамның ілгерілей дамуына барлық жағдай жасалды. Нормативтік-құқықтық жүйе анағұрлым жетілдірілді. Қоғам мен мемлекеттің қарым-қатынас ауқымы кеңейіп, сапалы деңгейге көтерілді. Әсіресе, әлеуметтік проблемаларды шешуде билік пен қоғам арасындағы байланыстың нығайғанын баса айтқан жөн.

Қоғамда әркім өз құқығы мен мемлекет алдындағы міндеттерін терең сезінуі тиіс. Ал мемлекет қоғамның талап-тілегін іске асырады. Бұл екеуін бір-бірінен бөліп қарау мүмкін емес. Демек, «Қазақстан-2050» стратегиясының тұжырымдамасында көрсетілгендей, қоғам сеніміне тек адамдарға жасалған қамқорлық арқылы ғана қол жеткізуге болады. Ел басқарушысы алдымен халықтың әл-ауқатын әлеуметтік-экономикалық жағынан қамтамасыз етіп, содан соң жоғары мақсаттарға шақыруға міндетті.

Қазақстан қоғамы кезектен тыс президенттік сайлауынан кейінгі елдің дамуы Елбасының стратегиялық бағытымен сабақтасатынына сенім білдіреді.

Арнұр НҰРМАҒАНБЕТОВ, 

облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы 

басқармасы басшысының орынбасары.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 сәуір 2019 г. 787 0