Зияткер оқушылар ұлттық университеттің білім гранттарына ие болды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінң республикалық олимпиадасында қызылордалық зияткерлер үш жүлделі орынды иеленіп, аталмыш оқу орнының білім гранттарын жеңіп алды.
Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін олимпиада биыл алғаш рет 14 пән бойынша жүргізілді. 12-сынып оқушылары Нұржан Рахымбек пен Ержан Дүйсен жүздеген қатысушылармен ағылшын тілі бағытында бәсекелесті.
Барлық кезеңдерде үздік нәтиже көрсете білген жастар білім байқауының екінші және үшінші орындарын олжа етті.
Айта кету керек, шетел тілін кәсіби деңгейде меңгерген Нұржан Рахымбек халықаралық IELTS емтиханында 9 баллдың 8 жинап, үздік сертификат иегері атанды.
Олимпиадының тағы бір күміс медалін иемденген 12-сынып оқушысы Даниярбек Бахытжан республикалық додада дүниежүзі тарихы пәні бойынша мықтылығын дәлелдеді.
Еліміздің түкпір-түкпірінен барлығы 12 000 оқушы қатысып, олардың 76-сы соңғы кезеңге жолдама алды. Байқау қорытындысы бойынша 42 қатысушы олимпиаданың жүлделі орындарын иеленіп, Қазақ ұлттық университетінде тегін оқуға мүмкіндік алды.

Шынар БЕКБАН,
"Сыр бойы".
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 сәуір 2019 г. 428 0