Қызылордада тұман түсіп, найзағай ойнайды

17 сәуір күні Қазгидромет ауа райына байланысты Қызылорда, Ақмола, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат
Қызылорда облысының кей жерлеріне тұман түсіп, күндіз найзағай ойнайды. Шығыс, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің бағыты солтүстікке ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді. Ақмола облысының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы 15-20, кей жерлерде екпіні 23 м/с-ке жетуі мүмкін.
Сондай-ақ, Қостанай облысының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. Солтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с болады.  Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшеюі мүмкін.        

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 сәуір 2019 г. 753 0