
Қазақстан құрамасындағы 24 жастағы дзюдошы Аэлита Щербакова апластикалық анемиядан көз жұмды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz ҚР дзюдо федерациясына сілтеме жасап.
Дзюдо федерациясының мәліметі бойынша 2019 жылы 3 сәуірде Щербаковаға «идиопатиялық аплазиялық анемия» диагнозы қойылып, дзюдошы бірден ем алуға кіріскен. Бірақ дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Енді спортшының жерлеу рәсімі 13 сәуірде өтеді. Аплазиялық анемия деп сырқат адамның сүйек миы қан жасушаларының негізгі түрлері - эритроцит, лейкоцит және тромбоцитті қажетті мөлшерде тарата алмайтын ауруды айтады.