200-ге жуық қала тұрғынын қабылдады

Полиция департаментінің бастығы Қайрат Мұхитовтың  бастамасымен «Аулаларда қабылдау» акциясы басталды. Акция облыс орталығының 4 мөлтек ауданында өткізілді.

Тұрғындар қоғамдық қауіпсіздік мәселелері, жол белгілерін орнату, аулаларды жарықтандыру және камера орнату, сондай-ақ, коммуналдық мәселелер бойынша сауалдар қойды. Полицейлер өздеріне қатысты сұрақтардың барлығына жауап беріп, кең көлемді кеңестер берді. Қалған мәселелер бойынша тұрғындар сауалы жергілікті атқарушы органдарға және тиісті мекемелерге жолданатын болады. Сонымен қатар азаматтардан учаскелік полиция инспекторларының қызметін жақсартуға, оның ішінде қоғамдық және жол қауіпсіздігі мәселелері бойынша да ұсыныстар жасалды.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 сәуір 2019 г. 644 0