Әуежайға қонған сәтте ер адам ұшақтан құлап кеткен
American Airlines әуе компаниясындағы жолаушылардың бірі ұшақ Финикс (Аризона штаты) әуежайына қонған сәтте есіктен құлап түскен, деп хабарлайды. Бұл туралы Associated Press қала полициясының өкіліне сілтеме жасап хабарлады.
Әзірге аты-жөні айтылмай отырған, аздап жарақаттанған ер адам ұсталды. Мұның үстіне ол қасындағы өзге жолаушыларға бөтелкеге құйылған белгісіз сұйықтықты шашып жіберген. Миннеаполистен (Миннесота штаты) келген ұшақ бортында 157 жолаушы болған.