« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Мемлекеттік қызмет мінсіздікті талап етеді. Бұл орайда мемлекеттік қызметшілер де білімді де білікті болу жолында аянып қалмауда. Абыройлы қызмет атқарып, халықтың әл-ауқатын жақсартуға күш салып келеді. Қоғамдық шараларда белсенділік танытып, әрдайым үздіктер қатарынан табылуға тырысады. Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «ҚР үздік мемлекеттік қызметшісі» байқауында қалтқысыз қызмет көрсетуге талпынғандар сайысқа түседі. Биыл да тартысты байқау жалғасын таппақ. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті сайыстың облыстық кезеңіне өтініштер қабылдана бастағанын хабарлауда.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, қатысушылардың кәсібилігі мен жауапкершілігі, қызметіне адалдығы секілді қасиеттерінен бөлек, шығармашылығы сынға алынады. Жеңімпаз «ҚР үздік мемлекеттік қызметшісі» төсбелгісімен марапатталып, республикалық «Жас мемлекеттік қызметшілер» форумына қатысуға жолдама алады. Айта кетейік, конкурсқа әкімшілік және тәртіптік жазасы жоқ, мемлекеттік қызметте өтілі бір жылдан кем емес кез-келген мемлекеттік қызметші қатыса алады. Байқау құжаттары 4 мамырдан кешіктірілмей, департаментке ұсынылуы тиіс. Қосымша ақпараттарды kyzmet.gov.kz сайтынан немесе 87242705626 нөмірі арқылы білуге болады.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |