« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Жақында Нұр-Сұлтан қаласында өткен республикалық «Таңғы шұғыла» байқауына сән үлгісі мен би және ән жанры бойынша Төретам кентіндегі №22 «Гауһартас» балабақшасының өнерлі бүлдіршіндері қатысты.
Байқаудың бірінші күні топтың көркемдік жетекшісі Айгүл Жолдыбаеваның балғын бишілері «Көктем шапағаты» атты биді қойса, келесі күні хореограф Жансая Айдәулетованың «Бал қымыз» биімен көрермен көзайымы атанды. Осылайша жас бишілер қазылар алқасының шешімімен байқаудың бас жүлдесін жеңіп алып, Сыр мерейін асырды.
Сондай-ақ, байқауда ән жанры бойынша «Мен бақытты баламын» атты әнін нақышына келтіре орындаған балғын әншілер Айзере Шынжырбаева мен Гүлсезім Досмахан жүлделі ІІ орынды иеленіп, алғыс хаттармен және ескерткіш медальдармен марапатталды.
Байқау барысында осындай дарынды шәкірттерді тәрбиелеген балабақша басшысы Ботакөз Ахмет, тәрбиеші Айгүл Жолдыбаева және хореограф Жансая Айдәулетова да арнайы дипломдарға ие болды.
«Гауһартас» балабақшасының балғын өнерпаздары, атап айтқанда, Айзере Шынжырбаева, Айым Меңдіқара, Гүлім Меңдіқара, Айару Ержанова, Інжу Бақберген, Гүлсезім Досмахан, Аймерей Советова, Раяна Асылқанқызы және Айару Баймұратова мен Аниса Маликовалар елорда төрінде ән шырқап, мың бұрала билеген биімен дүйім халықтың қошеметіне бөленді.
Енді жас өнерпаздар маусым айында Түркияда өтетін халықаралық байқауға қатысады.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ.
Байқоңыр қаласы.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |