Табиғат пайдаланушылар назарына!

Қызылорда облысының табиғи ре­сурс­тар және табиғат пайдалануды рет­теу басқармасы (әрі қарай – Басқарма) тарапынан, «Цифрлы Қазақстан» мем­лекеттік бағдарламасын іске асыру ая­сында (қоршаған ортаға шығарылатын нақты эмиссиялар) және (қоршаған орта­ны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау туралы есептерін) қабылдауға арналған «Қызылорда облысы табиғат пайда­ланушыларының есебін қабылдау элек­тронды жүйесін енгізу» жобасы әзір­ленді.

Қазақстан Республикасы Эколо­гия­­лық кодексінің 73-бабының 5-тар­ма­ғына сәйкес табиғат пайдаланушы эко­ло­­гиялық рұқсатқа енгізілген табиғат пайда­лану шарттарының орындалуы ту­ралы есепті рұқсат берген органға тоқ­сан сайын ұсынып отыруға міндетті.

Қазіргі таңға дейін Басқарманың мем­лекеттік экологиялық сараптама бөлі­мімен табиғат пайдаланушыларға беріл­ген қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат негізінде тоқсан сайын нақты эмиссиялар есебі қағаз түрінде қабылданды.

Іске асырылған қоршаған ортаға шығары­латын нақты эмиссиялар және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау туралы есептерін қабылдау жүйесімен II, III және IV санат объектілері бар табиғат пайдаланушылар облыс орталығына келмей, аталған есептерді электрондық цифрлық қол­таңба арқылы тапсыруға мүмкіндікке қол жеткізді.

Қоршаған ортаға шығарылатын нақты эмиссиялар және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау туралы есептерін электронды түрде emission.orda.gov.kz мекен-жайына өтіп тапсыра аласыздар.

Сұрақтар туындаған жағдайда Қы­зыл­­орда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі №1 ғимарат, облыстық меке­мелер үйі, 2-қабаты, 222-кабинетте жауап алуға болады. Жауап­ты тұлға Жақыпова Эльвира Берік­қызы. Байланыс теле­фонымыз: 8(7242)60-53-69.

 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 сәуір 2019 г. 1 805 0