Коста-Рика оңай шағылатын жаңғақ емес

Д ТОБЫ. 1 ТУР
Коста-Рика сенсация жасады. Уругвайды тізе бүктірді. Өздерінің доп тебе алатынын көрсетті. Англия Италияға жол берді. Топтан қай құрама шығады? Оны соңғы екі турда бағамдайтын боламыз. 
Англия – Италия – 1:2
Голдар: Маркизио, 35 (0:1); Старридж, 37 (1:1); Балотелли, 50 (1:2).
Ескерту алғандар: Стерлинг, 90+2 – жоқ.
Доп додасындағы негізгі матчтың бірі итальян футболшыларының жеңісімен аяқталды. Екі құрама да ақтық сайыста ойын көрсетуге лайықты. Алайда, оларға жеребе жолдас болмай, топтық кезеңде бақ сынаудың ретін келтірді. Алма-кезек шабуылмен өрбіген ойында Италияның мерейі үстем шықты. Ағылшындар қалған кездесулерінде намысқа тырысып, жеңіске жетеді деген ойдамыз. Оған шамасы жете ме, жетпей ме? Уақытында көреміз.
Коста-Рика оңай шағылатын жаңғақ емес 
Уругвай – Коста-Рика – 1:3
Голдар: Кавани, 24 (1:0, пен); Кэмпбелл, 54 (1:1); Дуарте, 57 (1:2); Уренья, 84 (1:3).
Ескерту алғандар: Лугано, 50; Гаргано, 56; Касерес, 81 – жоқ.
Алаңнан қуылу: Перейра, 90+4 – жоқ.
Бұл топта Коста-Рика құрамасы жеңіске жетеді деп кім ойлаған? Жеребе тартылған сәтте оны мамандар көш соңында қалады деп жорамал жасаған еді. Олар әлем чемпионатына тас-түйін дайындалып келген секілді. Ешкімнің алдында тізе бүгуді қаламайды. Англия мен Италияға да лайықты қарсылық көрсетсек деп үміттеніп отыр. Өкіншке орай, 2010 жылы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол созған Уругвай осы аламанда бабында емес екенін көрсетіп қойды.
Коста-Рика оңай шағылатын жаңғақ емес 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 маусым 2014 г. 801 0