БІРЛІГІМІЗ СЫНАЛАР СӘТ

 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған үндеуінде кезектен тыс сайлау туралы шешім қабылдағанын жеткізді. Қазақстан азаматы ретінде Мемлекет басшысының бұл шешімін дұрыс қабылдаймын және қолдаймын. Себебі, президент міндетін тұрақты атқаратын адам сайланғаны жөн.
Сайлауда ұйымшылдығымыз бен бірлігіміз сынға түсері белгілі. Бұл әрі ертеңіміз үшін таңдау жасап, болашағымызды бағамдайтын аса жауапты сәт болмақ. Қазақстан төрткүл дүниенің назарында екені белгілі. Сондықтан әрбір қазақстандық саналы түрде сайлауға қатысып, өзіміздің мызғымас бірлігімізді, ынтымағымызды көрсетеміз деп ойлаймын.

Нұридин ӘМИТОВ,
 облыстық медицина орталығының директоры.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 сәуір 2019 г. 601 0