Елдігіміз бен ауызбіршілігіміздің сыналар тұсы

Қасым-Жомарт Тоқаев кезектес тыс Президент сайлауын өткізу туралы үндеу жариялады. Бұл еліміз үшін маңызды шешім болды. Себебі, сайлау жаңа реформаларды жедел жүзеге асыру мен тиімді жүргізу үшін аса қажет.
Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев бұған дейінде мемлекетіміздің экономикасын әртараптандыру жолындағы тиісті міндеттерді айқындап берген болатын. Сол мақсат-міндеттерді кейінгі ұрпақ одан әрі жүзеге асыру керек. Осы орайда, біздің алдымызды өз болашағымыз үшін, тәуелсіз Қазақстанның бірлігі мен берекесі, ел тыныштығы  жолында адал еңбек ететін  көшбасшымызды таңдау міндеті тұр. Яғни, елдігіміз бен ауызбіршілігіміздің нағыз сыналары тұсы. Бұл сынақтан қалай өтуіміз біздің бірлігіміздің бекемдігіне байланысты.
Сондықтан біз Қазақстан халқы бұрынғыдан да берік бірлікте болуымыз керек.

Нұрсәуле Мұсаева,
Тілдерді дамыту орталығының
директоры.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 сәуір 2019 г. 468 0