Елдегі болып жатқан елеулі өзгерістер – ел болашағы үшін өте маңызды қадам. Елбасының ел тәуелсіздігі үшін жасаған нақты қадамдары мен игі істері орасан зор.
Елбасы биылғы жылы үндеу жасап, тәуелсіз елді дамытуды кейінгі толқын жалғастыру заңдылық айтты. Бұдан кейін мемлекет басқару тізгінін қолға алған Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жариялап, кезектен тыс Президент сайлауы өтетін күнді белгіледі.
Бұл – ел болашағы үшін маңызды қадам. Халық сайлаған Президент мәңгілік ел болу жолындағы игі бастамаларды жалғастыратынына сеніміміз мол. Қазақ елі үшін қай кезде де ең бастысы – бірлік. Біз бұл сайлауды да ынтымақпен өткіземіз деп сенемін. Дұрыс таңдау жасау, және сайлауға белсенді қатысу – әрбір азаматтың парызы.
Рауза БАЙДІЛДАЕВА,
Шиелі ауданы,
Ы.Жақаев ауылы
№149 Ә.Монтаев атындағы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі