Шиеліде жаңа аурухананың құрылысы жүргізілуде

Шиелі ауданында жаңа типтегі, заманауи құралдармен жабдықталған аурухана салу күнтәртібіндегі мәселе болатын. Бұрынғы орталық аурухана 1974 жылы салынған еді.

Аудан орталығындағы ескірген аурухана ғимаратының орнына республикалық бюджет есебінен 150 орындық аудандық аурухана құрылысы басталды.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы Қызылорда облысының Арал және Қазалы аудандарында орталық ауруханалар мен Арал ауданындағы Бекбауыл елдімекенінде, Қазалы ауданының Өркендеу ауылында және Сырдария ауданының Ақжарма ауылында ауылдық амбулаториялар салынды.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 сәуір 2019 г. 430 0