Түркия қазақстандықтарға 200-ден астам тегін оқу грантын бөледі
Түркия университеттері 200-ден астам грантын Қазақстан азаматтарына бөледі. Бұл туралы ҚазАқпарат «Халықаралық бағдарламалар орталығының» баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ағылшын және түрік тілдерінде бакалавриат және магистратура бағдарламалары, оқуға түсу үрдісі, қазақстандық студенттер үшін гранттар мен стипендиялар туралы алғашқы ауыздан білудің тамаша мүмкіндігі. Қазақстанның басқа қалалары мен аймақтарындағы үміткерлер өз құжаттарын Түркияның жоғары оқу орындарының ресми сайттарына ағымдағы жылдың 1 мамырдан бастап жолдай алады. Толық ақпаратты мына сілтемеден көруге болады.