Саяси науқаннан ынтымақпен өтейік

Мемлекетте билік алмасқан кезде уақытша басқару тарихи қажеттіліктен туады. Ол бізде Конституциямызға сәйкес жүзеге асты. Енді міне Президентті бүкілхалықтық заңды сайлау өткізу арқылы таңдау еркі тұр. Мемлекет басшысын заңды сайлап алудың тарихи мәні зор. Өз сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаудың ашық, әділ өтетініне өзі кепілдік беретінін айтты. "Қазақстан – демократиялық мемлекет. Президент халықтың таңдауымен сайланады. Мен Мемлекет басшысы ретінде, сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтуіне кепілдік беремін!" деді.

Біз – бейбітсүйгіш халықпыз. Қоғамда береке-бірлік сақталған жағдайда мемлекеттің жан-жақты дамуына жол ашылады. Елдігімізді сақтап қалу мен табысты дамудың бірден-бір жолы, шын мәнінде, ұлт болып ұйыса отырып, әрекет ету екенін түсінуіміз қажет. Қазақстан халқының жарқын болашағын қамтамасыз ету тікелей өзімізге байланысты.  Ал 9 маусымнан кейін билік басына келетін тұлға өзіне артылған үлкен жауапкершілікті арқалап, бұған дейінгі жүзеге асырылған саясатымызды ел-жұртпен бірге жарқын болашаққа бастайды деп сенеміз. Сайлау науқанын ойдағыдай әділ әрі ашық түрде өткізсек, еліміздің әлем алдындағы беделі бұрынғыдан арта түсері сөзсіз. Сол себепті, барша жерлестерімді мызғымас бірлігімізбен бұл саяси додаға да белсенді қатысып, өзіміз қалаған ел басқарушымызды сайлап алуға шақырамын. Ел азаматтары әділдік пен татулықты ту қып ұстап, ынтымақ-бірлікте алдағы асулардан өте біледі деп сенемін.


Сәуле АҚБЕРГЕНОВА, 

кітапханашы.

Қызылорда қаласы.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 сәуір 2019 г. 724 0