Жартылай финалға 8 боксшы өтті

Жартылай финалға 8 боксшы өттіАлматы. Оңтүстік астанамызда өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының жартылай финалына қазақстандық сегіз былғары қолғап шебері шықты. 
Біз бұдан бұрын төрт боксшымыз – Біржан Жақыпов (49 келі), Қайрат Ерәлиев (56 келі), Мерей Ақшалов (64 келі) және Жәнібек Әлімханұлы (75 келі) секілді боксшылардың шыққанын хабарлаған едік. Енді олардың қатарына тағы да төрт спортшы қосылды. Атап айтқанда, Берік Әбдірахманов (60 келі), Данияр Елеусінов (69 келі), Әділбек Ниязымбетов (81 келі) және Иван Дычко (91 келі) осындай жеңісімен жанкүйерді желпіндірді. 
Жартылай финал ойындары 25 қазан күндері өтеді. Жалпы алғанда, Қазақстаннан өзге жартылай финалға Кубадан – 5, Ресейден – 4, Әзірбайжан мен Италиядан – 3, Бразилия, Германия, Ирландия, Өзбекстаннан – 2, Алжир, Англия, Аргентина, Венесуэла, Коста-Рика, Моңғолия, Тайланд, Украина, Уэльстен – 1 боксшы ғана өтті. Әлем біріншілігіне әу баста 116 елден 576 былғары қолғап шебері келген еді. Ширек финалға олардың 30-ы ғана жетті. Жартылай финалдық ойындарда 18 елден 40 боксшы ғана сынға түседі.  

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 қазан 2013 г. 1 089 0