| « Қараша 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | |||||
| 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
| 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
| 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Алматыдағы оқиғаға қатысты төрт күдіктінің екеуі ұсталып, екеуі әлі іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ktk.kz.
Телеарнаның хабарлауынша оқиға бір азаматтың жалға көлік алғанынан басталған. Daewoo Nexia көлігін жалға алған ер адам 2 күндік ақшасын кешіктіріпті. Жалға беруші адам оны тауып алып, Наурызбай ауданында ұрып-соғып, 2 телефонын тартып алған. Кейін 14 мың теңгені 40 мың қып қайтарасың деп талап қойған. Ақшаны алу үшін келісілген жерге көлікті жалға бергендер 4 адам боп келген. Олар сол жерде 2 полиция қызметкеріне пышақ жарақатын салған.
Қазір ҚР ҚК-нің «Билік өкілін қорлау» бабына сәйкес, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өміріне қауіп төндіргені үшін қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. «Жарақат алған тәртіп сақшылары №7 қалалық клиникалық ауруханаға бірден жеткізіліп, ота жасалды. Қазіргі кезде олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, жағдайы бірқалыпты», - дейді полициядағылар.
| « Қараша 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | |||||
| 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
| 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
| 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |